Слух

 
Есту қабілетінің мәні
Есту қабілеті әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның өзге сезім мүшелерімен салыстырғанда, негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Есту қабілеті қауіп-қатерден сақтандыру үшін, ақпарат қабылдау үшін, білімді меңгеру үшін, әлеуметтік коммуникация үшін қызмет етеді және өте күшті эмоцияларды тудыра алады.

 

Есту қабілетінің төмендеуі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректеріне сүйенсек, әлем бойынша 250 миллионнан астам адамдардың есту қабілетін бұзылған. Алғашқы белгілері бірден білінбейді: сіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз бір сөзді бірнеше рет қайталап айтады, сіз дұрыс істімей қала бересіз. Есту қабілеті нашарлаған сайын сізге айналаңыздағы әлемді түсіну қиындай түседі. Уақтылы әрекет ету қажет.

 
 
Есту қабілетіңіздің нашарлау белгілеріне назар аударыңыз:
 
  • ! Әсіресе шулы жерлерде адамдарды түсіну қиындай түседі, мысалы, мейрамханаларда
  • ! Қайта сұрау қажет
  • ! Теледидардың немесе стерео жүйенің дауысын қатты қою
  • ! Телефон арқылы сөйлескен кезде қиындықтар бар
  • ! Топтағы әңгімені қадағалау қиындай түседі