Обслуживание и сервис слуховых аппаратов

Заманауи сандық есту аппараты – үнемі күтім жасауды және қызмет көрсетуді талап ететін күрделі аспап.

 

«Алматон-2» ЖШС-де есту аппаратының ақаулықтарын диагностикалай алатын заманауи жабдықтар және есту аппараттарының кез-келген ақаулықтарын жоя алатын және жөндей алатын білікті мамандары бар. Біздің мамандарымызды Widex және ReSound фирмалары бірнеше рет оқытып, сертификаттады.

 

Есту аппараттарының сапалы жөндеуді қамтамасыз ету – қымбат жоба. Халықаралық стандарттарға сай болу үшін біз айтарлықтай қаражатты инвестицияладық. «Алматон-2» ЖШС техникалық бөлімі қызмет көрсету үшін екі антистатикалық жұмыс орындарымен қамтылған. Біздің қоймаларымызда қызмет көрсету үшін жеткілікті мөлшерде қосалқы бөлшектер, соның ішінде ескі үлгідегі есту аппараттары бар. Осындай тәсілдеме өндіруші фирманың барлық технологиялары мен талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

 

Барлық есту аппараттарына 24 ай тегін кепілдікті қызмет көрсету мерзімі беріледі.

 

«Алматон-2» ЖШС-де есту аппаратын сатып алған клиентке халықаралық кепілдік карточкасы беріледі, ол әлемнің көптеген елдерінде осындай маркалы есту аппараттарын кепілдікті жөндеуді қамтамасыз етеді.