Изготовление индивидуальных ушных вкладышей

Screenshot_35

Есту аппаратында кері байланыс туындаған жағдайда, яғни ол «ысқырмау» үшін құлақтың көшірме бедері бойынша дербес құлақ тығынын немесе құлақішілік аппараттың корпусын дайындау қажет.

 

Құлақ тығыны аппаратты құлақтың сыртынан ұстап тұрады, құлап кетпеуіне жол бермейді және дыбысты құлаққа өткізеді. Құлақ тығындары дербес және стандартты болады. Біз құлақтың барлық анатомиялық ерекшеліктерін ескеретін дербес құлақ тығындарын пайдалануға кеңес береміз. Мұндай тығындар есту аппаратының дыбысты сапалы шығаруын қамтамасыз етеді.

 

«Алматон-2» ЖШС отопластика зертханасында біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді, олар мыналарды дайындайды:

 

– Құлақ сыртына тағылатын есту аппараттарының тығындары (қатты – фотопласт, жұмсақ – силикон);

– m және Passion топтамалы есту аппараттарына арналған арнаішілік (CIC) және RIC тығындары (көрінбейтін түтікке шақталған тығындар);

– Арнаішілік (CIC) және құлақішілік (ITE) есту аппараттарының корпустары;

– Шу мен судан қорғайтын тығындар (беруши).

 

Біздің зертханамыздың қызметкерлері дайындау технологиясын үнемі жетілдіреді және бұйымның сапасын жақсарту үшін жұмыс істейді, сондықтан Сіз бұйым Сіздің қалауыңыз бойынша дайындалатынына сенімді бола аласыз!