Ересектердің есту диагностикасы

Есту қабілеті бұзылған адамдарға жүйелі түрде көмек көрсетудің бірінші кезеңі болып есту мүшесін кәсіби дәл диагностикалау табылады, ол ықтимал себепті айқындаудан, емдеу тәсілін анықтаудан немесе есту қабілетінің бұзылуын қалпына келтіруден тұрады.

 

«Алматон-2» ЖШС-де есту қабілетін диагностикалау мыналардан тұрады:

 

  1. Оториноларинголог-сурдолог дәрігердің тексеруі
    Шағымдар мен анамнезді жинау
    Сыртқы құлақты және есту жолын қарап шығу
    Сөйлеуге және сыбырлап айтуға тест жүргізу
    Тоналдық шекті аудиометрия
    Шуды өлшеу
    Сөйлеу тесттерін жүргізу
    Шекті мәннен артық тесттер жүргізу
    Камертональдық сынаулар жүргізу
    Импедансометрия (Тимпанометрия, Рефлексометрия, Есту түтіктерінің атқарымдық күйін анықтау)
  2. Диагноз қою және есту қабілеті бұзылуын қалпына келтірудің ықтимал тәсілдерін ұсыну. Егер есту қабілетінің бұзылуы қайтымсыз болса, онда емделушіге компьютердің көмегімен заманауи есту аппаратын таңдау және күйлеу ұсынылады.

 

«Алматон-2» ЖШС-де сапалы аппаратура бар және заманауи деңгейде диагностика жүргізе алатын біліктілігі жоғары мамандар бар.