Занятия с логопедом


 Алматон-2 ЖШС-де 2 жастан асқан балаларды кешенді логопедтік тексеру, сөйлеудің бұзылуын (ақаулықтарды) түзету, 3 жастан асқан балаларға арналған топтық және дербес сабақтар, логопедтік уқалау жүргізіледі.

 
Балаларды (2 жастан асқан) кешенді тексеру
Бұл рәсім екі жастан асқан балалармен жүргізіледі. Аталмыш үдеріс барысында балалар толықтай тексеріледі, қорытынды жасалады және дербес түзету бағдарламасы іріктеледі.
 
Сөйлеудің кез-келген бұызлуын (ақаулықтарын) түзету
Кемшіліктерді түзетуге дұрыс айтылмаған сөздерді түзету, әртүрлі ауру салдарынан фонематикалық есту қабілетінің бұзылуын, сөйлеу қабілетінің жалпы бұзылуын, сөйлеу қабілетінің жүйелік толық дамымауын түзету табылады. Сабақ барысында сөйлеудің дислалия, дизартрия, алалия, ринолалия және т.б. сияқты бұзылулары түзетіледі.
 
3 жастан асқан балаларға арналған топтық және дербес сабақтар
Ерте жастағы балаларға арналған топтық немесе дербес сабақтар қызықты дамытатын ойындар түрінде өткізіледі. Біз баланың шығармашылық дарындарын ашуға көмектесеміз және оқуды қалай қызықты етуге болатынын көрсетеміз, қатарлас балалармен тілдескен кезде ұялшақтықтан құтылуға көмектесеміз, баланың сөйлеу қабілетінің түзету үшін жұмыс істейтін боламыз, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, дұрыс әрі сауатты сөйлеуді үйретеміз.
 
Кекештенуді түзету, үрейлену мен күйгелектікті кетіру
Кекештену көбінесе психологиялық мәні бар. Ол баланың күшті күйзеліске түсуінің немесе қатты шошынуының салдарынан туындауы мүмкін. Бұл жағдайда логопедтің білікті жәрдеміне міндетті түрде жүгіну қажет. Біз балаға, оның нәресте немесе жасөспірім екеніне қарамастан, көмектесе аламыз.
 
Логопедтік уқалау
Сөйлеу қабілетін жақсы дамыту үшін сөйлеу мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай күшті, серпімді және қозғалмалы болуы қажет. Логопедтік уқалау беттің және артикуляция, миогимнастика, миогимнастика мүшелерін уқалаудан, артикуляциялық гимнастикадан және басқаларынан тұрады. Логопедтік уқалау дыбыстарды таза айту үшін сөйлеу бұлшық еттерін дайындауға көмектеседі. Сабақтың орташа уақыты – 45 минут. Сабақтың ұсынылатын жиілігі – аптасына 2-4 рет.