ТИПЫ ТУГОУХОСТИ

Құлақ мүкістігінің типтері мен дәрежелері

 

Көптеген адамдардың есту қабілеті нашар. Статистика бойынша, халықтың шамамен 10 % құлақ мүкістігіне, есту қабілетінің ішінара төмендеуіне шалдыққан.

Негізінен, есту қабілеті біртіндеп төмендей бастайды. Кейбір жағдайларда есту қабілетінің төмендеуі бірнеше жылға жалғасуы мүмкін. Ауырлық дәрежесі бойынша, құлақ мүкістігі жеңіл дәрежеден ауыр дәрежеге дейін ауытқуы мүмкін. Аурудың дәрежесі неғұрлым ауыр болса, адам қандай да бір дыбыстарды соғұрлым нашар естиді. Сөйлеген сөз түсініксіздеу болады.

Құлақ мүкістігінің дәрежесі аудиометрия деп аталатын арнайы зерттеудің нәтижесінде анықталады. Зерттеу барысында есту қабілетінің шегін анықтайды. Егер адам 25 дБ дейінгі жиіліктегі дыбыстарды естісе, бұл қалыпты деп есептеледі. Егер адам 25 дБ қаттырақ дыбысты естісе, онда бұл адамның есту қабілеті төмендегенін білдіреді.

1 ДӘРЕЖЕ (ЖЕҢІЛ)

1 дәрежедегі құлақ мүкістігі жеңіл кезең болып есептеледі. Есту қабілеті салыстырмалы түрде қатты төмендемейді. Аудиометрия деректері бойынша, құлақ ести алатын дыбыс шегі 26-40 дБ жетеді. Бұл келесі түрде білінеді – науқас адам сөйлеген сөзді нақты естиді және 4-6 метр қашықтығанан түсінеді. Одан артық қашықтықта сөйлеген сөзді түсінбейді. Ал сыбырлап айтылған сөзді 1-3 метр қашықтығында естуге болады. Бірақ егер сөз әртүрлі шулармен және бөгде дыбыстармен бірге ілесуі мүмкін, ал сөзді қабылдау айтарлықтай нашарлайды.

1

Сұр аймақ – адам естімейді, сары аймақ – адам естиді.

2 ДӘРЕЖЕ

Егер ауру үдей бастаса және жоғарыда сипатталған ауқымдардан асып кетсе, онда құлақ мүкістігінің 2 дәрежесі басталады. Бұл жағдайда есту қабілеті анағұрлым қатты бұзылады.
Аудиометрияның көрсеткіштері бойынша есту шегінің деңгейі 41-55 дБ арасында ауытқиды. Әрине, есту шегі айтарлықтай жоғарлайды. Бұл жағдайда адам сөйлеген сөзді 2-4 метр қашықтығында ести алады және түсіне алады. Сыбырлаған сөзді адам 1 метр қашықтығынан ести алады. Тұрмыста байқалатындай, науқас адам сау адамға қарағанда айтарлықтай жиі қайта сұрайды. Шуға ілескен сөзді ол естімей қалуы да мүмкін.
Бұл кезеңде адам есту қабілеті айтарлықтай нашарлағанын түсінуі тиіс. 2 дәрежедегі құлақ мүкістігін емдеуді тағайындау үшін отоларинголог-дәрігерге қаралу қажет.

2

Сұр аймақ – адам естімейді, сары аймақ – адам естиді.

3 ДӘРЕЖЕ (АУЫР)

 

Егер науқас адамның ауруы ушығып кетсе және ол тиісті ем қабылдамаса (немесе емдеу нәтиже бермесе), ондабұл жағдайда есту қабілетінің төмендеуі үдей түседі және 3 дәрежедегі құлақ мүкістігі пайда болады. Бұл кезеңде есту шегі 56-70 дБ дейін жетеді. Бұл жағдайда науқас 1-2 қашықтығында, кейде тіпті одан аз қашықтықтан айтылған сөзді ғана естіп, түсіне алады. Сыбырлап айтылған сөзді науқыс естімейді.
Осындай күрделі ақаулықтар тілдесуді айтарлықтай қиындатады және адам есту аппаратынсыз өзге адамдармен қалыпты сөйлесе алмайды.

3

Сұр аймақ – адам естімейді, сары аймақ – адам естиді.

4 ДӘРЕЖЕ (ӨТЕ АУЫР)

Есту қабілетінің үдемелі төмендеуі 4 дәрежедегі құлақ мүкістігіне (мүгедектікке) ауысады. Бұл жағдайда аудиограмманың көрсеткіштері – дыбыс шегі 71-90 дБ деңгейіне дейін төмендейді. 4-ші кезеңнің барлық симптомдары құлақ мүкістігінің 3-1 дәрежелерінде сипатталған, бірақ бұл кезеңде аталған симптомдар күштірек және айқнырақ білінеді. Науқас адам қатты айтылған сөзді де ести алмайды, оған айқайлап айтылған немесе құлаққаптар арқылы күшейтіліп айтылған сөзді ести алуы мүмкін.

4

Сұр аймақ – адам естімейді, сары аймақ – адам естиді.

 
КЕРЕҢДІК

 

Бұл аурудың кесімді кезеңі – кереңдік. Бұл жағдайда аудиометрияның деректері есту шегінің 91 дБ артық деңгейін көрсетеді. Есту аппаратынсыз адам қандай да бір дыбыстарды, тіпті қатты дыбыстарды да ести алмайды. Сондай-ақ адам құлаққаптар арқылы күшейтілген сөзді де түсіне алмайтын жағдайлар да кездеседі.

%d0%b3%d0%bb%d1%83%d1%85%d0%be%d1%82%d0%b0

Сұр аймақ – адам естімейді, сары аймақ – адам естиді.