Widex

 

UNIQUE БІРГЕ ТОЛЫҚҚАНДЫ ӨМІР СҮРІҢІЗ

Widex Unique есту аппараттарының жаңа топтамасын жасауға құрастырушыларды есту қабілеті әлсіз адамдардың есту қабілетін жақсарту ғана емес, сондай-ақ өмірдің әр сәтінің бірегейлігін айқындау ниеті итермеледі. Әр минут қайталанбастай маңызды және сөйлеу дыбыстарынан ғана емес, сондай-ақ табиғаттың және тыныштықтың дыбыстарынан бас тартпаған жөн.

 

 

 
 1 DREAM КӨМЕГІМЕН ДЫБЫСТЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫН СЕЗІНУ

Бір-бірімен тұрақты түрде синхрондалатын Widex есту аппараттарының екінші ұрпағы. Ең жаңа технологиялар 113 дБ асатын кіріс дабылдарының айтарлықтай жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Widex DREAM жаңғыртып шығаратын дыбыстар нақтылығымен және бұрмалаулардың жоқтығымен сипатталады, бұл оларды кез-келген дыбыстық жағдайда айтарлықтай шынайы етеді.

 

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗ

Widex компаниясы ұсынған әмбебап «құрылымдаушы» есту аппараттарының атқарымдылығы және күйлеу сапасы бойынша кез-келген талаптарды қамтамасыз ете алады. Негізгі атқарымдардың жиынтығынан және қосымша атқарымдардың үлкен жиынтығынан тұрады. Клиенттің ыңғайлылығы үшін біз кеңінен танымал болған және алдын-ала толымдалған жиынтықтарды ұсынамыз.

 

 2
 3  
 
 ӨМІР ОНЫҢ ДЫБЫСТАРЫН ЕСТУ ҮШІН ЛАЙЫҚ

Widex есту аппараттарының базалық сегменттегі бағасының, дыбысының тексерілген сапасының және сенімділігінің оңтайлы үйлесімі.

 

СЫМСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АҚЫЛДЫ ШЕШІМ

Дыбыс шынайы болғанын қалайсыз ба? CLEAR топтамасының жаңа есту аппараттары дыбыстың барынша шынайы шығуын қамтамасыз етеді.
CLEAR есту аппараттары әртүрлі бағыттарда келіп түсетін дыбыстарды естуге мүмкіндік береді. Бұл Widex аппараты Сіз оны қолданған кезде таңдалған бағыттан келіп түсетін дыбысқа басыңызды бұрмай-ақ назар аударуға мүмкіндік беретін жалғыз аппарат, әсіресе көлік айдап келе жатқан кезде ыңғайлы.

 

 5
 6

ТАҢДАУЛЫ ДИЗАЙН ЖӘНЕ ДЫБЫСТЫҢ ӨТЕ ЖАҚСЫ САПАСЫ

 

Дыбыстың керемет шығуы – mind есту аппараттарының ерекшеліктері. Егер Сізге керемет дизайн мен озық дыбыс шығаруды үйлестіретін аппарат қажет болса, онда mind аппараты Сізге мінсіз сай келеді.

 

ОҢАЙ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ

WidexBravo топтамасының аппараттары өзінің техникалық сипаттамалары бойынша да, әртүрлі акустикалық жағдайларда есту қабілетін түзету мүмкіндіктері бойынша да анағұрлым қарапайым сандық есту аппараттары болып табылады. Аппараттар бағытталмаған (барлық жаққа бағытталған) микрофондармен жабдықталған. Келіп түсу бағытына қарамастан, барлық дыбыстарды осындай микрофондар бірдей қабылдайды.

 

 7
 4

ҚУАТТЫ ДЫБЫСТАЛУ

 

Widex SUPER топтамасының көптен күткен супер қуатты жаңа есту аппараттары әйгілі «телефон құлақта» (RITE) заманауи технологиясының негізінде құрастырылды. Озық құрылымдық шешімдер Widex инженерлеріне № 675 батарейкаларларын пайдалануға қарамастан, есту аппараттарының пішінін барынша кішірейтуге, ерекше қуаттылықты, керемет акустикалық және пайдаланушылық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.