Алматы

«Алматон-2» ЖШС 2003 жылы құрылды.

 

Алматы қаласындағы орталықтың мамандары:

 

 
 
 
 
 

 

Нұрғожаев Жеңіс – «Алматон-2» ЖШС директоры

 

Хенрик Кристиансен – Widex компаниясының бизнес дамыту мен сату бөлімінің басты менеджері

 IMG_0640

Суатбаева Римма Петровна

Алматы қаласы филиалының  директоры

Оториноларинголог-дәрігер, сурдолог, сурдопедагог, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оториноларингология кафедрасының ассистенті

Еңбек өтілі — 8 жыл

2010 ж. — Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің емдеу ісі факультетін бітірді.

2011 ж. — С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «хирургия» мамандығы бойынша интернатура бітірді

2012 ж. – «Ортаңғы құлақтың, мұрынның және көмейдің эндоскопиялық хирургиясы» халықаралық шеберлік-класына қатысты

2013 ж. — «Жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманауи инновациялар» тақырыбындағы дәрістер курсына қатысты («Астана Медицина университеті» АҚ)

2013 ж. – «Құлақтағы шуды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты (Алматы қаласындағы ҚазҰПУ)

2014 ж. — Қазақ медицина университетінде «Ересектер мен балалар оториноларингологиясы, сурдологиясы» мамандығы бойынша үздіксіз білім беретін 3-жылдық резидентураны бітірді.

2014 ж. — «Жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларын, сондай-ақ Лор мүшелерінің қатерлі ісігін диагностикалаудағы, емдеу мен профилакасындағы өзекті мәселелер» тақырыбында өткен отоларингологардың өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты («Астана медицина университеті» АҚ)

2016 ж. — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін дефектология (сурдопедагогика) мамандығы бойынша бітірді

2016 ж. — «GN ReSound ең жаңа технологиялары» (GN ReSound A/S) семинарына қатысты

2016 ж. — «Есту мүшесін протездеудің ең жаңа технологиялары» (Widex A/S) семинарына қатысты

2017 ж. – “Hear More 2017” семинарына қатысу (GN ReSound, Рим, Италия)

2018 ж. – “Hear More 2018” семинарына қатысу (GN ReSound, Вена, Австрия)

Widex халықаралық академиясында (Дания, Копенгаген қаласы) жыл сайын оқудан өтеді. 

 

 

 

????????????????????????????????????

Өтемұратова Айнұр Өтемуратқызы

Оториноларинголог-дәрігер, сурдолог

Еңбек өтілі — 11 жыл

2006 ж. – Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін бітірді.

2006-2007 жж. – Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі интернатурада оқыды.

2011 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аудиология және сурдология циклі бойынша біліктілігін арттырды.

2007 ж. – қазіргі таңда – «Алматон-2» ЖШС

2011-2012 жж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының оториноларингология кафедрасында ассистент.

2008 ж. – Widex A/S компаниясы (Америкалық сөйлеу және есту қауымдастығы және Америкалық аудиология академиясы) Амстердам, Нидерланды қалаларында ұйымдастырған педиатриялық аудиология жөніндегі 5-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресске қатысты)

2008 ж. – «Қазақстандағы балаларға кохлеарлық имплантация жасау мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға және шебер-сыныбына қатысты («Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасы)

2012 ж. – Widex A/S компаниясы (Америкалық сөйлеу және есту қауымдастығы және Америкалық аудиология академиясы) Италияның Комо қаласында ұйымдастырған педиатриялық аудиология жөніндегі 7-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресске қатысты)

2013 ж. – «CLEAR, Super және MENU үлгілерінің есту аппараттарын (Widex A/S) іріктеу және күйлеу» тренингіне қатысты

2013 ж. – «Құлақтағы шуды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты (Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты)

2013 ж. – «Жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманауи инновациялар» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты («Астана Медицина университеті» АҚ)

2016 ж. – «GN ReSound ең жаңа технологиялары» (GN ReSound A/S) семинарына қатысты

2016 ж. — «Есту мүшесін протездеудің ең жаңа технологиялары» (Widex A/S) семинарына қатысты

2017 ж. – EUHA конгрессіне қатысу (Нюрнберг, Германия)

Widex халықаралық академиясында (Дания, Копенгаген қаласы) жыл сайын оқудан өтеді

 

 

 Айтбекова Асылзат Баяналиевна

Оториноларинголог-дәрігер, сурдолог

Еңбек өтілі — 7 жыл

2011 ж. – Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін бітірді.

2011-2012 жж. – Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі интернатурада оқыды.

2012-2015 жж.  – Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіндегі резидентурада “Оториноларингология (ересектер мен балалар)” бітірді.

2015-2018 жж. – ҚазММУ Профессорлық клиникасында оториноларинголог

2017 ж. – “Оториноларингологиядағы инновациялық технологиялар” біліктілікті арттыру (“Халықаралық инновациялық ғылыми-білім орталығы” ЖШС, Алматы)

2017 ж. – Асан қоры клиникасында бақылау бағдарламасы (Каннын, Оңтүстік Корея)

2018 ж. – Зальцбург медициналық семинарлары (Зальцбург, Австрия) 

 

????????????????????????????????????

Жігітжанова Айнұр Жанабекқызы

Дефектолог-логопед, аудиометрист, есту мүшесін протездеуші

Еңбек өтілі — 5 жыл

2012 ж. – Павлодар медицина колледжін «Жалпы тәжірибедегі фельдшер» мамандығы бойынша бітірді

2015 ж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Дефектология» мамандығы бойынша бітіріп, оған «Дефектолог-логопед» біліктілігін берілді

2016 ж. – «GN ReSound ең жаңа технологиялары» (GN ReSound A/S) семинарына қатысты

2016 ж. – «Есту мүшесін протездеудің ең жаңа технологиялары» (Widex A/S) семинарына қатысты

Widex халықаралық академиясында (Дания, Копенгаген қаласы) жыл сайын оқудан өтеді.

 
 

image-01-11-16-09-17

Мадеев Әділ Болатұлы

Есту аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі маман

Еңбек өтілі — 10 жыл

2006 ж. – Алматы қаласындағы орташа медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді дайындау және қайта дайындау жөніндегі республикалық колледжді «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша бітірді.

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер саласындағы сапаны бақылау комитетінің Алматы қалалық басқармасы «Тіс технигі» мамандығы бойынша біліктілік санатынсыз «Денсаулық» сертификаты берілді.

2012 ж. – Орташа медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді дайындау және қайта дайындау жөніндегі республикалық колледжінде «Тұтастай құйылған протездерді дайындаудың заманауи технологиялары» цикліндегі «Стоматологиялық ортопедия» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік алды.

Widex халықаралық академиясында (Дания, Копенгаген қаласы) жыл сайын оқудан өтеді.

 

 
 

????????????????????????????????????

Устемирова Айнұр Нұржанқызы

Есепші

Еңбек өтілі — 5 жыл

2012 ж. – 2016 ж. – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқыды

2016 ж. – «ХҚЕС элементтері бар бухгалтерлік есеп негіздері, «1С: Кәсіпорын 8.2″, салық салу негіздері, құқық негіздері, қаржылық талдау және ішкі аудит негіздері» курстарынан өтті.

2016 ж. – «GN ReSound ең жаңа технологиялары» (GN ReSound A/S) семинарына қатысты

2016 ж. — «Есту мүшесін протездеудің ең жаңа технологиялары» (Widex A/S) семинарына қатысты

2017 ж. – “Hear More 2017” семинарына қатысу (GN ReSound, Рим, Италия)